Делегацияның назарына ғылыми инновацияларды ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласында қолдану тәжірибесі ұсынылды.
Саурандық делегация Сауан қаласының өндірістік кәсіпорындарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қытай Халық Республикасының Сауан қаласында Түркістан облысы Сауран ауданы делегациясының қатысуымен екіжақты ресми кездесу және өндірістік нысандарға танысу сапары өтті. Іс-сапардың мақсаты – өзара ынтымақтастықты арттыру, өндіріс саласындағы тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту бағыттарын пысықтау, сондай-ақ екі өңір арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды жаңа деңгейге көтеру. Бұл іс-шара Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы негізінде жүзеге асырылуда.
Саурандық делегация мүшелері Сауан қаласындағы бірқатар ірі кәсіпорындар мен өндіріс орындарын аралап көрді. Алдымен делегация Шыңжан Хұң Хы зерделі ауылшаруашылық машина жасау шекті серіктестігінде болып, ауыл шаруашылығына арналған заманауи техникаларды құрастыру және автоматтандыру үдерісімен танысты. Мұнан соң Шыңжан Шин Жиа Хы ауыл шаруашылығын дамыту шекті серіктестігіне барып, агротехникалық инновациялар мен өнім өндірудің тиімді тәсілдері туралы ақпарат алды.
Келесі кезекте Шыңжан Тиян Му Ху кілем жасау шекті серіктестігінде болып, кілем өндірісінің технологиялық желісін, ұлттық нақыштағы өнімдерді өңдеу мен экспортқа шығару әдістерін көрді. Ал Шыңжан Шиң Тай Чиан Уи ғылым-техника шекті серіктестігінде заманауи ғылыми жетістіктер мен жоғары технологиялық жобалар таныстырылды. Делегацияның назарына ғылыми инновацияларды ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласында қолдану тәжірибесі ұсынылды.
Сауан Тай Хун май өнімдері шекті серіктестігінде болып, май өнімдерін өндіру, сапаны бақылау және экспорттық бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сауан Гай Руй сүт мәнерлеу серіктестігінде жалғасты. Мұнда сүт өнімдерін өңдеу, қаптау және сақтау технологиялары көрсетілді.
Делегация Сауан Шың Зы мал шаруашылық ғылымдары шекті серіктестігінде болып, мал шаруашылығын ғылыми негізде дамыту, асыл тұқымды мал өсіру және генетикалық зерттеу бағыттарымен танысты. Сондай-ақ Анжихай қызыл бұрыш қоймалжыңы зауытында өңдеу технологиясын, экспортқа бағытталған дайын өнім өндірісін және жергілікті шикізатты тиімді пайдалану тәжірибесін көрді. Дачуан ауылындағы Шау Фаң Жуанзы қыстағы Шуаң Чуан ауыл шаруашылығы кооперативі болды. Мұнда делегация ауылдық кооперативтердің жұмыс тәсілін, аграрлық өнімдерді бірігіп өндіру және өткізу үлгісін зерттеді.
Сапар барысында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров екіжақты әріптестіктің аймақ дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтті.
Сапар аясында Сауран ауданы мен Сауан қаласы арасындағы экономикалық, мәдени және инвестициялық серіктестікке жаңа серпін беретін келісімдерге қол жеткізу көзделуде.