ТҮРКІСТАН: Шардарада туризмді дамытуға 47 млрд теңге тартылатын болады

0
1 872

​Бүгінде жағажай туризмін дамыту ісі бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Шардарада туризмді дамытуға 47 млрд теңге тартылатын болады

Шардара ауданында жағажай туризмін дамытуға арналған бағдарлама аясында 2019 – 2022 жылдарға 47 млрд теңге инвестиция тартылмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шардара ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2019 – 2022-жылдар аралығында Шардара су қоймасы жағалауында жүзеге асырылуы көзделіп отырған жағажай туризмін дамытуға 255,3 гектар жер қаралған. Онда қонақ үйлер мен яхта клубтар, мейрамханалар мен аквапарктер, балалар лагері, сауда орталықтары мен гольф клубтар, аңшылар және балықшылар үйі сынды 60 нысанды іске қосу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік және жеке инвестициялар есебінен 47 млрд теңгеге жүзеге асатын жобаларда 1050 азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Коммуналдық-медициналық, құтқару және өртке қарсы қызмет түрлері қатаң қадағаланатын туристік аймақтарда маусымдық кезеңдерде алыс-жақыннан келген 500 мыңнан астам туристерді демалдыру жоспарланып отыр. Шардара су қоймасы жағалауындағы жағажай туризмін дамыту ісі бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалып, тиісті жұмыстар жүргізілуінің нәтижесінде қазірдің өзінде әлемдік стандарттарға сәйкес бірнеше қонақ үйлер мен демалыс аймақтары іске қосылған. Демалушыларға сапалы қызмет көрсетуде.