Жұмыс барысында ауыл ішіндегі көшелер, көгалды аймақтар мен ағаштар қамтылды.
Шардара ауданында шіркейге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шардара ауданында шіркейге қарсы залалсыздандыру шаралары биыл сәуір айынан бастап жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соңғы күндері кейбір елді мекендерде шіркейдің көбеюі байқалуына байланысты, дезинсекциялық жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде.
Нақтырақ айтқанда, бүгін Көксу ауылдық округінде дернәсілге қарсы залалсыздандыру шаралары жүргізілді. Жұмыс барысында ауыл ішіндегі көшелер, көгалды аймақтар мен ағаштар қамтылды. Бұл жұмыстарға 4 арнайы техника мен 6 қызметкер бүрку құрылғыларымен жабдықталып, жұмылдырылды. Залалсыздандыру жұмыстары Ұзыната ауылында жалғасты.
Шіркейге қарсы күрес шаралары Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың тікелей бақылауында. Аудан тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуды.