ТҮРКІСТАН: Шардарада жаңа цех іске қосылды

0
1 595

Цех - темір мен ағаштан жасалатын кез-келген дайын өнімді шығарады.


ТҮРКІСТАН: Шардарада жаңа цех іске қосылды

Шардара ауданына «Нұр сила» цехы іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара ауданына қарасты Алатау батыр ауылдық округінде «Нұр сила» цехы іске қосылды. Цех - темір мен ағаштан жасалатын кез-келген дайын өнімді шығарады. Атап айтқанда, қоршау, орындық, бастырма, үй жиһаздары мен күрделі бұйымдарға да тапсырыс қабылдайды. Өндіріс орнында жергілікті 50-ден астам тұрғын жұмыспен қамтылған.


«Қазір Түркістан облысы бойынша бірнеше аудандағы мектептердің қоршауын жасап жатырмыз. Алдағы уақытта бүкіл Қазақстан бойынша тапсырыс қабылдау ойда бар. Сонымен қатар, цехтың көлемін ұлғайтып, көптеген жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз», - дейді өндіріс орнының басшысы Бақытжан Дәулетбаев.


Жұмыс бастағанына әлі ай толмаған кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуға барған Алатау батыр ауылдық округінің әкімі Мейірбек Ақжаров кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.