Ол қол күресінен Әлем кубогының иегері.
Шардара ауданында жылдың үздік спортшысына 4 бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қол күресінен Әлем кубогының иегері Самат Мұқасанға жаңа пәтердің кілті табысталды. Бірнеше дүркін Азия және Қазақстан чемпионы, халықаралық додаларда еліміздің атын әлемге танытып жүрген “Шардара Армспорт” клубының спортшысына аудан әкімі Арман Қарсыбаев төрт бөлмелі жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады.
“Самат Мұқасан – спорттағы табандылықтың, елге деген адалдық пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісі. Осындай жастарымыздың арқасында Шардараның ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройы асқақтап келеді. Бұл сый – оның еңбегіне берілген лайықты баға әрі жастарға үлгі болары сөссіз”, – деді аудан басшысы.
Чемпионға табысталған жаңа баспана – оның қажырлы еңбегінің жемісі ғана емес, болашақ спорт шеберлері үшін шабыт пен сенімнің белгісі.