ТҮРКІСТАН: Шардарадағы сенбілікте коммуналдық мекемеге 15 техника тапсырылды

0
89

Шара барысында елді-мекендерді жергілікті ағаш көшеттерімен қамтамасыз ету мақсатын тұқымбақ ашылды.


ТҮРКІСТАН: Шардарадағы сенбілікте коммуналдық мекемеге 15 техника тапсырылды

Шардарадағы сенбілікке әлем чемпиондары қатысып, коммуналдық мекемеге 15 техника тапсырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Республикалық “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Шардара ауданында өткізілген сенбілікке 3957 адам қатысып, 997 дана ағаш көшеттері отырғызылды. Іс-шара аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың қатысуымен бастау алып, оны аудан ардагерлері мен әлем чемпиондары және еріктілер жалғастырды.


Акция барысында Шардара қаласының 2 мөлтек ауданындағы осыған дейін бей-берекет қоқыс тасталып, полигонға айналған аумақ демеушілердің қолдауымен абаттандырылып, “Еңбешілер” саябағына айналды. Шара барысында елді-мекендерді жергілікті ағаш көшеттерімен қамтамасыз ету мақсатын тұқымбақ ашылды. Бұл бастама табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындар үшін қолайлы демалыс аймағын жасау бағытындағы маңызды қадам болды.


Сондай-ақ акция аясында “Шардара шаруашылық қызметі” мекемесіне қала мен ауылдық округтер аумағын жүйелі тазарту мақсатында 15 арнайы техника табысталып, бұл шара тазалықпен айналысушы азаматтарға құрмет көрсетуге ұласты.

Бөлісу