ТҮРКІСТАН: Шардаралық хирург бір күнде 155 баланы сүндетке отырғызды

0
797

Жыл сайын үрдіске айналған қайырымдылық акциясына көршілес аудан, ауыл халқы да қатысады.


ТҮРКІСТАН: Шардаралық хирург бір күнде 155 баланы сүндетке отырғызды

Шардаралық хирург бір күнде 155 баланы сүндетке отырғызды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Шардара аудандық орталық ауруханасының хирург дәрігері Нұрсұлтан Сарыбаев орталық мешітте ашық есік күнін өткізіп, бір күнде 3-6 жас аралығындағы 155 баланы ақысыз түрде сүндетке отырғызды. Жыл сайын үрдіске айналған қайырымдылық акциясына көршілес аудан, ауыл халқы да қатысады.


Ұл баланы сүндетке отырғызу - Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті. Таңнан баласын ертіп орталық мешітке қарай ағылған тұрғындар сауапты іс-шараны ұйымдастырушы азаматтарға алғыс жаудырды.