Облыс және аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шардарада «Адал жолды таңдаймыз» атты марафон-эстафетасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шардара жағалауында өткен жастар марафон-эстафетасында қонақтар ауданның тарихымен, мұражай жәдігерлерімен, қылқалам шеберлерінің туындыларымен танысудан бастап, іс-шара аясында ұйымдастырылған футбол, волейбол, балық аулау, суда жүзу және желкенді қайық сынды спорт түрлерінен жарыстарға ұласты.
«Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамымызды діңгегінен кеміріп отырған қауіпті індет. Бұл індетпен бірігіп күреспесек қоғамның, экономиканың дамуы тежеледі, тоқтайды. Жемқорлықпен күреске мемлекетіміз үлкен көңіл бөліп, қыруар қаржы қарастырып отыр», - деген аудан басшысы Қайрат Жолдыбай елді жемқорлықтың кез-келген көрінісіне бей-жай қарамауға шақырды.
Сонымен қатар, аудан спортшылары мен ұстаздарының, дәрігерлер мен фермерлердің автошеруі ұйымдастырылып, спорттық көріністер көрсетілді.
Облыс және аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара соңында 17-31-шілде аралығында Шардара ауданында өткен жастар марафон-эстафетасының туы мен фотоальбомы Мақтаарал ауданына табыс етілді.