ТҮРКІСТАН: Соңғы тәулікте 548 адам екпе қабылдады

0
476

Тәуліктік өсім 0,15% құрайды.


ТҮРКІСТАН: Соңғы тәулікте 548 адам екпе қабылдады

Түркістан облысында 974586 адам екпе қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 974586 адам екпе қабылдады. Екінші компонентпен 908895 адам вакцина алды. Кейінгі тәулікте 548 адам екпе салдыруға ниет білдірген. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.


Соңғы тәулікте Түркістан облысында 24 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,15% құрайды.


Жалпы облыста пандемия белең алғалы 1 102 294 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 635 –і бос. Жалпы, пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 291 жағдай тіркелді. Олардың 7637-да ауру симптомсыз өткен болатын.