ТҮРКІСТАН: Соңғы тәулікте 7350 адам екпе қабылдады

0
598

Жалпы екпе науқаны басталғалы өңірге 607 100 доза вакцина жеткізілді.


ТҮРКІСТАН: Соңғы тәулікте 7350 адам екпе қабылдады

Түркістан облысында соңғы тәулікте 7350 адам вакцина салдырған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында соңғы тәулікте 7350 адам екпе қабылдады. Жалпы екпе науқаны басталғалы өңірге 607 100 доза вакцина жеткізілді. Қазір бірінші компонентпен 562 105 адам вакцина салдырды. Ал екінші құрамды 375 063 адам қабылдады. Бүгінде екпе қабылдайтын 128 вакцинация пункттері демалыс күндері де жұмыс істеуде.


Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 117 адамнан анықталды. Бүгінде Түркістан облысынан басқа өңірдің бәрі «қызыл» аймақта тұр. Пандемия басталғалы өңір бойынша ауырғандар саны 9297 жетті. Оның 5579-да ауру симптомсыз өткен. Ал 2194 инфекциялық стационарларда ем қабылдады. Қазір эпидемиологиялық ахуал нашарлаған. Салдарынан 2060 инфекциялық төсек орын ұйымдастырылған. Онда 1330 науқас емделуде.


Айта кетейік, пандемия басталғалы 7534 науқас індеттен толық айыққан. Жалпы 890 698 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3345 адам тексеруден өткен.