ТҮРКІСТАН: Созақ ауданындағы өңірлік өнім көлемі 286 млрд. теңгеге жуықтаған

0
666

34 млрд. 206 млн. теңге инвестиция тартылған.


ТҮРКІСТАН: Созақ ауданындағы өңірлік өнім көлемі 286 млрд. теңгеге жуықтаған

Созақ ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 13,9 пайызға өскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданында 2021 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 285 млрд 972 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,9 пайызға өскен. Сондай-ақ, аудан экономикасына 9 айда 34 млрд 206 млн теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы брифингте Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов мәлімдеді.


Атап өтсек, ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 9 айда 12 млрд 545 млн 500 мың теңгеге жеткен.


«Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 292,4 млн теңге инвестиция тартылды. Аудан бойынша биылғы жылы 13 280 гектар алқапқа егіс егілді. Оның ішінде: 350 гектар - бидай, 1 230 гектар - арпа, 1 202 гектар - мақсары, 897 гектар - жүгері, 518 гектар - картоп, 506 гектар - көкөніс, 508 гектар - бақша, 8 069 гектар - мал азығы дақылдары. Сонымен қатар, Шолаққорған, Созақ, Сызған ауыл округтерінің агроқрылымдары 186 гектар алқапқа жаңбырлатып суару жүйесін орнатты», - деді Салыхан Сабырұлы.


Сонымен қатар, 2021 жылдың 9 айында жайылымдарды сумен қамту мақсатында 74 құдық қазылып, оларға 847 млн 640 мың 500 теңге субсидия төленген.