ТҮРКІСТАН: Созақта облыстың маңызы бар жол ашылды

0
268

Жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталып, биыл асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды.


ТҮРКІСТАН: Созақта облыстың маңызы бар жол ашылды

Созақ ауданындағы облыстық маңызы бар жол пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында сапалы жол салу жұмыстары қарқынды. Осы бағытта Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Созақ ауданындағы облыстық маңызы бар жол пайдалануға берілді.


КХ-2 «Екпінді-Шолаққорған-Созақ» автомобиль жолының 131-181 (50 шқ) шақырымына (Таукент ауылы мен Ыбырай ауылы аралығына) орташа жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ӨК» ЖШС тарапынан жүргізілді. Техникалық қадағалаушы мекеме – «Оңтүстік жолдары» МКК. Сметалық құжаттамаға сәйкес, жолдың ескі қабатын фрезелеу және жолға екі қабатты асфальтбетон жамылғысы төсеу жұмысы қаралған. Жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталып, биыл асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды.