Сенбілікке 2500-ге жуық адам қатысты.
Созақта жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Созақ ауданына қарасты барлық ауылдар мен елді мекендерде «Таза Қазақстан» Республикалық шарасы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Шолаққорған ауылының аумағында бөлінген 5 сектордың, оның ішіндегі 144 көшеге жауапты әр мекеме тазалық пен көгалдандыру жұмыстпрына тұрақты атсалысуда. Саябақтар мен ішкі көшелерді ретке келтірді. «Шымкент-Созақ» бағытына шығатын үлкен жолдар мен айналма жолдың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Ауыл сыртындағы сай-сала мен су өткізгіш құбырлар да қоса қамтылып, ауылдардың аумағы абаттандырылды. 21 арнайы техника жұмылдырылып, 36 шақырым көше бойлары мен 19 шақырым аяқ жолдары ретке келтірілді. Өзен-көлдер мен арықтардың 11 шақырымы тазаланып, полигонға 81 тонна қоқыс тасымалданды.
Сенбілікке 2500-ге жуық мекеме қызметкерлерімен қоса ардагерлер ұйымы және қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді жастар мен елді мекен тұрғындары да жұмыла кірісіп, тазалық жұмыстарын үрдіске айналдыруда.