ТҮРКІСТАН: Судьялары күн сайын жаттығу жасайтын болды

0
2 145

Түркістан облысының судбялары жұмыстарын таңғы жаттығумен бастады.


ТҮРКІСТАН: Судьялары күн сайын жаттығу жасайтын болды

Түркістан облысының судьялары күн сайын жаттығу жасайтын болды, деп абарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін таңертең сағат 08.30-да Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі 256 "а" үйінің алдында, яғни мамандандырылған соттардың ғимаратының ауласында сот қызметкерлері таңғы жаттығу жасады. Бұл бастаманы Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы Түркістан облыстық филиалы қолға алып отыр. ұйымдастыруымен, Түркістан қаласы, Тауке хан көшесі 256 «а» үйде, мамандандырылған соттардың ғимаратының ауласында, спорттық жаттығу жасалды.

Спорттық іс-шараға Судьялар Одағының мүшелері, яғни Түркістан қаласында орналасқан мамандандырылған соттар және Түркістан қалалық сотының судьялары мен қызметкерлері қатысты. Сот қызметкерлері әр жұмыс күні таңертең бұл бастама жалғасын табатын болады дейді.