Облыс әкімінің орынбасары келешекте де ынтымақтаса әрекет етуге мүдделі екенін атап өтті.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков “Tasbaqa” табиғатты қорғау қорының басшысы Цаугг Юлиямен (Yuliya Zaugg) кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков “Tasbaqa” табиғатты қорғау қорының басшысы Цаугг Юлиямен (Yuliya Zaugg) кездесті. Табиғат жанашырлары өңірде жануарларды қорғау мен топырақтың құнарлы қабатын сақтау бағытында атқарылған жұмыстарға облыс әкімдігі тарапынан көрсетілген қолдауға алғысын білдірді.
Қор жетекшісі 2026-жылдың көктемінде өтетін Аймақтық Климаттық саммитте климаттың өзгеруіне бейімделу, су және азық-түлік қауіпсіздігі, жерді тұрақты пайдалану тақырыбында Түркістан облысында атқарылған тірліктер баяндалып, осы міндеттердің нақты шешімдерін көрсету үлгісі ретінде таныстырылатынын айтты.
Қорық-филиал құру арқылы аумақтардан бағалы жануарлар мен өсімдіктерді релокациялау, яғни орын ауыстыру мүмкіндіктерін талқылау барысында Юлия Цаугг мамандардың пікірімен бөлісті.
Нұрбол Тұрашбеков табиғатты қорғауда қор тарапынан көрсетілген жанашырлыққа ризашылығын жеткізді. Жыл басынан бері бірлесе атқарылған жұмыстың нәтижесінде Отырар, Бәйдібек, Ордабасы, Сарыағаш, Келес аудандарында анықталған кемшіліктер қалпына келтірілді. Облыс әкімінің орынбасары келешекте де ынтымақтаса әрекет етуге мүдделі екенін атап өтті.