«Түркістан таланттары» Арыс қаласында жобасы жалғасты

0
538

Қалалық мәдениет үйінің әншісі арнау айтып, кеш шымылдығын түрді.


«Түркістан таланттары» Арыс қаласында жобасы жалғасты

Арыс қаласында «Түркістан таланттары» жобасы жалғасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Арыс қаласында «Түркістан таланттары» жобасы жалғасын тапты. Арыс қалалық мәдениет үйінде өткен кештің кейіпкерлері – өлкемізге белгілі айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов пен ақын, ұстаз Әсел Бимырзаева. Кеш модераторы – Айдар Сейдазым.


Алдымен қатысушыларға арнайы жасақталған кітап көрмесі таныстырылды. Онда ақындар өмірінен сыр шертетін естеліктер қамтылып, әдемі суреттері ілінген. Қалалық мәдениет үйінің әншісі арнау айтып, кеш шымылдығын түрді. Кездесуде Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов құттықтау сөз алып, қала басшысының ізгі лебізін жеткізді. Ал Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасының бөлім меңгерушісі Дана Байдаулетова өз сөзінде жоба мақсатына тоқталды.


Кейіпкерлер өз шығармаларын оқып, арнау айтты. Жиналған көпшілікке балалық шағы мен ұстаздары жайлы баяндап берді. Көрермен тарапынан сұрақтар қойылып, ақ тілегін арнады. Шара соңында өсиетті терме айтылып, рухани байлық сыйлады. Кеш кейіпкерлеріне қала әкімінің атынан сый-құрмет көрсетілді.


Айта кетейік, бұл жобаны Түркістан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы мен облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесе ұйымдастырған.