ТҮРКІСТАН: Тауда жоғалып кеткен 12 адам табылды

0
695

Олар 3 қаңтар күні Шымкент қаласына қайтулары керек болған.


ТҮРКІСТАН: Тауда жоғалып кеткен 12 адам табылды

Түркістан облысындағы тауларда жоғалып кеткен 12 адам табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен 12 адам табылды. Олар бір отбасының мүшелері. 31 желтоқсан күні қойшы ауылдағы өз үйлеріне демалуға барған. Екі күн бойы болған қатты боран салдарынан жолдардың барлығы жабылғандықтан, кері кайта алмай, сол жерде калып қойған. 3 қаңтар күні отбасы мүшелері үйге оралмағандықтан, үйде қалған отбасы мүшесі оларды іздеу қажеттігін айтып, құтқарушыларға хабар берген.


Дәлірек айтсақ, 5 қаңтар күні сағат 10:00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы, Байжансай тауына екі автокөлікпен жолға шыққан адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Жоғалған адамдар соңғы рет 2023 жылдың 3 қаңтарда сағат 16:00-де туыстарымен байланысқа шыққан. Өтініш иесінің айтуынша, жоғалған адамдар 3 қаңтар күні Шымкент қаласына қайтулары керек болған.


Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары мен өтімділігі жоғары техникасы, ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды. Нәтижесінде, құтқарушылар мүгедек әже мен екі қызды Түркістан қаласына эвакуациялады. Қалған 9 адам ауылдағы үйде қалды. Олар эвакуациядан бас тартып, жол ашылған соң үйлеріне оралатынын айтқан.