ТҮРКІСТАН: Терроризмге қарсы комиссияның кезекті жиыны өтті

0
507

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.


ТҮРКІСТАН: Терроризмге қарсы комиссияның кезекті жиыны өтті

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі - терроризмге қарсы комиссия аппаратының жетекшісі Абулхаиров Илхамның төрағалығымен кезекті мәжіліс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі - терроризмге қарсы комиссия аппаратының жетекшісі Абулхаиров Илхамның төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізілді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінен өкіл ретінде Қанат Амангельдиев, облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының мүшелері және қала, аудан әкімдерінің жауапты орынбасарлары, құзырлы мекемелердің өкілдері қатысты.


Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, тиісті аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары «Жетісай, Қазығұрт аудандары мен Кентау қаласының ТҚК жұмыс топтарының атқарған жұмыстарының есептері» бойынша баяндап, соңында бүгінгі таңдағы діни ахуал мен аудан, қалалық деңгейдегі ТҚК жұмыстарының сапасы жөнінде мәселелер талқыланды.


Екінші мәселе бойынша «Түркістан облысында балалар мен жастардың жат ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыруға, патриотизм мен ұлт жанашырлары ретінде тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар» аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ернар Бектаев хабарлама жасады және ол бағытта сала басшылары мен жергілікті деңгейдегі топ жетекшілеріне оңтайлы шешімдер мен жүйелі шараларды үйлестіру жөнінде тапсырмалар берілді.


Сондай-ақ «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылда қол жеткізілген нақты оң нәтижелері мен жұмыс бабындағы көрсеткен жоғарғы кәсіби шеберлігі үшін» сала қызметкерлері мен дін өкілдерін марапаттау рәсімі өткізілді.


Рәсімде, «Облыс әкімінің грамотасын» және «Алғыс хатын» облыс әкімінің орынбасары Бейсен Дәулетұлы табыстады. Ал, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Ә.Дүйсебаевтың «Алғыс хатымен» департамент өкілі Қанат Амангелдіұлы марапаттады. Сонымен қоса, тиесілі азаматтар Түркістан облысы дін істері басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.