ТҮРКІСТАН: Тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты өтті

0
738

Түркістан облысында тоғызқұмалақпен шұғылданатын кәсіби спортшы қыз-келіншектер көп.


ТҮРКІСТАН: Тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты өтті

Тоғызқұмалақтан Түркістан облысының үздіктері анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Кентау қаласында тоғызқұмалақтан классика түрінен ерлер мен әйелдер арасында Түркістан облысының жекелей чемпионаты өтті.


Жүйрік ойды талап ететін спорт жарысында ерлер арасында Шардара ауданынан келген Тұран Аждурлиев бас жүлдеге қол жеткізді. Ал, түлкібастық дарынды спортшы Сейдімбек Жәнәсіл күміс жүлдегер атанса, Отырар ауданының үміті Әбдіханұлы Дастан қола жүлдені қанағат етті.


Түркістан облысында тоғызқұмалақпен шұғылданатын кәсіби спортшы қыз-келіншектер көп. Солардың арасында төлебилік талантты Каримова Лина алтын медаль жеңіп алды. Аса тартысты өткен бұл жарыста киелі Отырар ауданының намысын қорғаған Байболат Гулназ күміс жүлдені, ал, Қазығұрт ауданының спортшы қызы Намаз Ақбота қола жүлдені еншіледі.