ТҮРКІСТАН: Төлебиде мектеп жәрмеңкесі өтті

0
545

Мектеп формасы мен сөмкелер базардың бағасынан біршама төмен.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде мектеп жәрмеңкесі өтті

Төлеби ауданы әкімідігінің ұйымдастыруымен мектеп жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы әкімідігінің ұйымдастыруымен мектеп жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты - аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларын қолдап, мектепке қажетті заттарды төмен бағамен ұсыну.


Төлеби ауданына қарасты Ленгір қаласындағы орталық базарда өткен жәрмеңке таңғы сағат 10.00 ден басталды. Онда білім алуға қажетті барлық кеңсе заттар арнайы дүкендерден 10 пайыздан 15 пайызға дейін төмен бағада сатылымға қойылды. Ал, мектеп формасы мен сөмкелер базардың бағасынан біршама төмен.


Жәрмеңкенің өтуі барысын Төлеби ауданы әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев бақылап, ата-аналармен кездесті, Осы ретте жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде оқушылардың мектеп тауарларын төмен бағамен сатып алуына көмек көрсетті.


Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан жәрмеңкеде 40-тан астам кәсіпкер, сатушы тауарларын ұсынды.

Бөлісу