Қырықтан астам жоба іске қосылған.
Төлеби ауданында өнім көлемі 46 млрд. 335 млн. теңгені құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биыл Төлеби ауданындағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 46 млрд. 335 млн. теңгені құрады. Қазір бұл көрсеткішті жылдық жоспар – 50 млрд. 28,6 млн. теңгеге жеткізу көзделіп, осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылдың қорытындысына сәйкес, аудандағы егін шаруашылығы өнімінің көлемі 22 млрд. және мал шаруашылығы өнімінің көлемі 28 млрд. теңгені құрайды деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, ауданда 3 млрд. 600 млн. теңгеге 54 жоба белгіленіп, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Бүгінгі күнге дейін солардың құны 2 млрд. 989,9 млн. Теңгені құрайтын 41-і іске қосылған.