ТҮРКІСТАН: «Томирис-Тұран» командасы ел чемпионатының қола жүлдегері атанды

0
123

Биылғы маусымда елдің түкпір-түкпірінен 14 команда бақ сынасып, тартысты ойындар нәтижесінде үздіктер анықталды.


ТҮРКІСТАН: «Томирис-Тұран» командасы ел чемпионатының қола жүлдегері атанды

Түркістанның «Томирис-Тұран» командасы – ел чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының соңғы тур ойыны өтті. Биылғы маусымда елдің түкпір-түкпірінен 14 команда бақ сынасып, тартысты ойындар нәтижесінде үздіктер анықталды.


Миллиондардың сүйікті спорты саналатын футбол соңғы жылдары әйелдер арасында да қарқынды дамып келеді. Сол көштің басында жүрген Түркістан облысының намысын қорғаған «Томирис-Тұран» командасы соңғы кездесуде Семейдің «Елімай» клубын қабылдап, 4:0 есебімен айқын жеңіске жетті.


Маусым қорытындысы бойынша 1-орынды Ақтөбе құрамасы иеленсе, 2-орын Шымкент қаласының «БИІК-Шымкент» командасына бұйырды. Ал түркістандық «Томирис-Тұран» қыздары тұрақтылық пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, қола жүлдені қанжығасына байлады.


Жүлдегер команданы Түркістан облыстық футбол федерациясының президенті, облыстық мәслихаттық төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, сондай-ақ, «Тұран» спорт түрлері ойын клубының директоры Сабыржан Бульдурыков арнайы құттықтап, спортшыларға медаль мен гүл шоқтарын табыс етті.

Бөлісу