​ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕГІ НАУРЫЗ-ДУМАН «ӘН МЕН ӘНШІ» КОНЦЕРТІНЕ ҰЛАСТЫ

0
1 127


​ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕГІ НАУРЫЗ-ДУМАН «ӘН МЕН ӘНШІ» КОНЦЕРТІНЕ ҰЛАСТЫ

Наурыз мейрамына орай Түркістан төрінде «Ән мен әнші» концерті өтті. Киелі шаһардың ерекше мәртебе алу құрметіне арналған мерекелік думанды Түркістан қаласы әкімдігі ұйымдастырды. Күндіз Наурыз мерекесіне арналған ауқымды іс-шараны тамашалаған түркістандықтар мен қонақтар кешке мағыналы концертте бас қосты.


Бұл кеште қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісова бастаған әншілер өнер көрсетті. Есті әндер жүректерді жылулық пен әсерлі әуенге толтырып, әдемі көңіл-күй сыйлады.

Концертте шырқалған әндер мен ерекше атмосфера көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Керуен сарай» кешеніне келген адам қарасы көп болды. Қала тұрғындары мен қонақтары керемет бағдарлама мен эмоцияға толы сәттерге риза болып тарқасты.

Айта кетейік, Түркістандағы Наурыз тойы тойы бүгін «Конгресс холл» кешенінде республикалық ақындар айтысымен жалғасады. Сондай-ақ Түркістан музыкалық драма театры бүгін және ертең «Вальс королі» қойылымын көрермен назарына ұсынады. Аудан, қалаларда мерекелік іс-шаралар жалғасады.