Дауылды ауа-райында тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз!
Түркістандық құтқарушылар 38 ересек адам мен 4 баланы жол жөнекей тұрғылықты мекен-жайларына жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Түркістан облысының бірнеше аудан, қаласында ауа-райының күрт нашарлап, шаңды дауыл тұруына байланысты қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз! Қазіргі таңда төтеше жағдай мамандары, өрт сөндіру, аудандық коммуналдық мекеме қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлайды Түркістан облыстық ТЖД қызметкерлері.
Атап өтсек, Берген мен Қаражантақ тас жол бөлігіндегі шаңды дауыл салдарынан автокөліктердің қозғалысы баяулап, кептеліс орын алған.
Төтенше жағдайлар қызметінің 1 ауысымды жұмыс көлігі жеке құраммен шығып, жолда қалып кеткен 38 ересек адам мен 4 баланы жол жөнекей тұрғылықты мекен-жайларына жеткізді.
Табиғаттың тосын мінезінен Түркістан облысындағы Қаражантақ, Саналы, Бөген, Төрткүл ауылдарында болған қолайсыздықтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Дауылды ауа-райында тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз!