ТҮРКІСТАН: Туберкулезге қарсы қызметттің 100 жылдығына орай халықаралық конференция басталды

0
121

Екі күнге жоспарланған шара офлайн формата өтуде.


ТҮРКІСТАН: Туберкулезге қарсы қызметттің 100 жылдығына орай халықаралық конференция басталды

Түркістанда туберкулезге қарсы қызметке 100 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-конференция басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда Түркістан облысының туберкулезге қарсы қызметіне 100 жыл толуына арналған «Туберкулезге қарсы күрестегі жаһандық және өңірлік үрдістер» атты халықаралық ғылыми-практикалық концеренциясының ашылу салтанаты өтті. Екі күнге жоспарланған шара офлайн формата өтуде. Аталған іс-шараға еліміздіңжәне шетелдік медицина мамандары, сала ардагерлері мен денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысуда.


Іс-шараның ашылу салтанатынаоблыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып,мерейлі мерекемен құттықтады.


– Сіздерді Түркістан облыстық фтизиопульмонология орталығының 100 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтаймын! Ғасырлық тарихы бар бұл орталық – халқымыздың денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек еткен бірнеше буын дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің табанды еңбегінің көрінісі. Бұл – оңай жол емес, сан мыңдаған тағдырға араша түскен, үміт отын жаққан, өмір сыйлаған қасиетті жол. Туберкулез – ғасырлар бойы адамзатқа қауіп төндіріп келген күрделі ауру. Бірақ осы дертпен күресте біздің өңіріміздің фтизиатр-дәрігерлері үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл – сіздердің кәсіби біліктілік адамға деген шынайы жанашырлық және адал қызметтің нәтижесі. 100 жыл – тек тарих емес, бұл – тәжірибе, табыс және тағылым. Осы уақыт ішінде орталық заман ағымына сай өзгеріп, жаңарып, ғылыми жетістіктермен ұштасып, бүгінде озық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде – деген Ертай Кенжебекұлы дәрігерлерге құрмет көрсетті.


Бүгінгі таңда «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК мекемесі Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарына арнайы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуде. Орталықта 250 тәуліктік стационарлық төсек орын бар.Пульмонологиялық және Оңалту бөлімдері жұмысістейді.Медицина мекемелері соңғы талаптарға сәйкес алынған құрал-жабдықтармен қамтылған. Атап айтқанда, стационарлық электрокардиограф, компьютерлік спирограф, клинакалық зерттеулерді жасайтын биохимиялық анализаторлар бар. Сондай-ақ Облыстық диспансерде Халықаралық қазақ-түрік университеті және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базасы орналасқан. Мұндажылына 1000-нан аса студенттер дәріс алып, тәжірибеден өтеді.


Айта кетсек, түстен кейін конференция секцияларға жалғасады. Жалпы конференцияға 1000-нан аса адам жиналды. Шетелдік және еліміздіңфтизиопульмонология саласындағы ең білікті мамандар түрлі тақырыпта баяндама жасайды.

Бөлісу