Тұрғындарға ашық вакансиялар туралы ақпарат ұсынды.
Түлкібас ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түлкібас ауданындағы Мәдениет үйінде «Мансап орталығының» ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарды қолдау мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке жұмыссыздықты азайту, тұрғындарды еңбекке тарту және жастарды қолдау бағытында маңызды рөл атқарды.
Сонымен қатар, жәрмеңкеде аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жұмыссыз жүрген жастарымызды жұмысқа орналастыруға басымдық берілді.
Ауқымды шараға түрлі саладағы мекемелер мен кәсіпорындар қатысып, тұрғындарға ашық вакансиялар туралы ақпарат ұсынды.
Сондай-ақ, жәрмеңкеде Мемлекеттен түрлі қолдаулар мен қайтарымсыз грант алып, өз ісін дөңгелетіп отырған азаматтар өз өнімдерінің көрмесін ұсынып, көтерме бағада саудалады.
Маңызды шараға аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев арнайы қатысып, өз кәсібін өрлетіп отырған азаматтардың өнімдерімен танысып, істеріне береке тіледі.
Жалпы жәрмеңкеде 25 жұмыс беруші мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар 100-ден астам бос орындарды ұсынып, келген азаматтар жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысты.
Айта кетейік, бүгінде аудан көлемінде 30 мыңнан астам жас болса, соның ішінде 900-ге жуығы жұмыссыз ретінде тіркелген.