Ауданның 7 мектебінде мұражай жұмыс жасаса, 60 мектепке өлкетану бұрыштары орнатылған.
Т.ркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты барлық мектептерде "Буккроссинг" бұрыштары ашылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінгі Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Е.Күзембаев Түркісан қаласындағы "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінде БАҚ өкілдері алдында берген баспасөз мәслихатында Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Елбасының «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық білім бөлімінде және білім беру мекемелерінде өткізілетін айлық, жылдық іс-шаралар жоспары бекітіліп жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде насихаттық топ құрылып, жұмыс кестесі әзірленген.
Аудандық білім бөлімі және 60 білім беру мекемелерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақпараттық стендтер, логотиптер жасалып орнатылған. 7 мектепте мұражай жұмыс жасаса, 60 мектепке өлкетану бұрышы бар. Барлық мектеп кітапханаларында «Буккроссинг» (кітап алмасу бұрышы) ашылған.
Білім беру ұйымдарында ұлттық сананы жаңғырту бағытында қазіргі таңда ұйымдастырылған кездесулер - 131, байқаулар - 33, лекциялар - 51, ашық сабақтар-158, тәрбие сағаттары - 120. Жалпы аудандық білім бөлімі және білім беру ұйымдарында «Рухани жаңғыру» аясында барлығы 493 іс- шара өткізіліп, 21 300 адам қамтылған.