ТҮРКІСТАН: «Түлкібас барысы» турнирі өтті

0
2 457

Майлыкент ауылдық округінің балуаны «Түлкібас барысы» атанды.


ТҮРКІСТАН: «Түлкібас барысы» турнирі өтті

Түркістан облысы Түлкібас ауданында әз-Наурыз мерекесіне орай «Түлкібас барысы» турнирі өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дәстүрлі жарыс қазақ күресін насихаттау аясын жылдан-жылға кеңейтіп келеді.

Спорттық доданың ашылу салтанатында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Бердашев пен аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев спортшыларға сәттілік тіледі.

«Наурыз – Жыл басы мерекесі ғана емес береке мен бірліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Ұлық мерекемізге орай, ауданымыздың әр өңірінен жиналған балуандар өз ара мықтыны анықтады. «Күш атасын танымас» демекші, додаға қатысып жатқан балуандардың осалы жоқ. Дегенмен, шын мықтының топ жаратындығы анық», - деді облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Бердашев.

Турнир қорытындысымен Майлыкент ауылдық округінің балуаны Ақжол Жанжол «Түлкібас барысы» атанды. Жүлделі ІІ орынды Машат ауылдық округінің түйе балуаны Ержан Дүйсенбеков иеленді, ІІІ орынды Келтемашат ауылдық округінің намысын қорғаған Дәулет Жарылқап лайықты деп танылды. Турнирдің І және ІІ орын жүлдегерлері «Түркістан облысының барысына» жолдама алды.