ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 1200 тонна ірі қара мал етін өндіруді жоспарлап отыр

0
3 009

«Адал» шаруа қожалығы 3000 бас ірі қара малды бордақылауға арналған алаңдарды ашуды жоспарлап отыр.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 1200 тонна ірі қара мал етін өндіруді жоспарлап отыр

Түлкібастық "Адал" шаруа қожалығы 3 мың бас ірі қарамалды бордақылап, жылына 1200 тонна мал етін өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Шұқырбұлақ елді мекенінде орналасқан «Адал» шаруа қожалығы 3000 бас ірі қара малды бордақылауға арналған алаңдарды ашуды жоспарлап отыр. Жалпы қораларды соғу екі кезеңге бөлініп, іске асатын болады. Атап айтсақ, 1500 басқа арналған алаңдар биыл іске қосылса, 2020 жылы қосымша 1500 басқа арналған алаңдардың құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.

Нәтижесінде жылына шамамен 1200 тонна ірі қара мал еті өңдірілмек. Жобаның жалпы құны 900 млн. теңгені құрайды. Аталмыш жоба толығымен іске қосылған жағдайда жаңадан 25-30 адамға жұмыс орны ашылса, ауданымыздың бидай, арпа, шөп т.б мал шаруашылығына қажетті егін түрлерін егетін дихандарымыздың өнімдеріне сұраныстың артатыны айтпасада белгілі. Қазіргі таңда бұдан бөлек аудан аумағында 10-15 басты 337 мал бордақылау аланшалары жұмыс істеуде. Онда 3000 астам жылқы мен 2000 астам ірі қара малдың бордақылануы жолға қойылған.