ТҮРКІСТАН: Түлкібаста құс етін өндіретін фабриканың іргетасы қаланды

0
267

Жобаға жалпы 53,7 млрд. теңге инвестиция тартылмақ.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста құс етін өндіретін фабриканың іргетасы қаланды

Түлкібас ауданында қуаттылығы жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін фабриканың құрылысы жүргізілмек, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Түлкібас ауданында қуаттылығы жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін фабриканың құрылысы жүргізілмек. Қуанышты сәтпен бөлісуге облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихат депутаты Жомарт Абдибаев және ауыл тұрғындары мен ақсақалдары Жабағылы ауылындағы «Қарқын Трейд» ЖШС-ның құс етін өндіру зауытының капсуласын салу рәсіміне қатысып, жобаның сәтті жүзеге асуына ниет білдірді.


Жобаға жалпы 53,7 млрд. теңге инвестиция тартылмақ. Кәсіпорын жылына 48 мың тоннаға дейін құс етін өндіруді көздеп отыр. Жобаға қолдау көрсету мақсатында «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан 5 млрд. теңге несие берілмек. Сонымен қатар мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Жоба іске қосылғанда 1 200-ден аса жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.


Кәсіпорын 517,7 гектар жерде орналасады. Жоба аясында 96 құс фермасын, инкубатор, құрама жем зауыты, газ-электр станциясы, құс сою және қалдық өңдеу цехі және тоңазытқыш қоймалар салу көзделген. Жоба үш кезеңнен тұрады. І кезең 2026-2027 жылдары жүзеге асырылып, 21,9 млрд теңге инвестиция салынбақ. 550 жұмыс орны құрылып, 15 мың тонна өнім өндіру жоспарлануда. Жобаның ІІ кезеңіне (2028-2029 жж.) 15,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 325 жұмыс орны ашылмақ. Өндіріліетін өнім көлемі – 24 мың тонна. ІІІ кезең 2029-2030 жылдары жүзеге асырылып, 16 млрд теңге инвестиция салынады. 48 мың тонна өнім өндіріліп, 325 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Жоба толық іске 2029-2030 жылдары қосылады.

Бөлісу