ТҮРКІСТАН: Түлкібаста тамыз айында жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі

0
1 750

Спорт кешен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде​ 454 млн теңгеге​ салынған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста тамыз айында жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Састөбе кентінде "Спорт күні" мерекесіне орай жаңа спорт кешені халық игілігіне берілетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Састөбелік жастар жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен қарсы алмақ. Себебі тамыз айының үшінші аптасы, яғни спорт күні мерекесіне орай кент орталығынан 240 адамға есептелген су жаңа спорт кешені пайдалануға берілуі жоспарлануда.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 454 млн теңгеге салынған спорт кешенінде бокс, дзюдо, үстел тенисі, баскетбол, еркін күрес және одан басқа да спорт түрлерімен айналысуға болады. Келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған арнайы бөлмелер және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен де қамтылған.

Бүгінгі таңда ауданда 4 мемлекеттік спорт мектептері және 1 спорт клубы халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 1 облыстық, 3 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектептері және 1 спорт клубы спорттың 16 түрінен 14 ауылдық округтердегі үш мыңға жуық жастарды қамтиды.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқының тұрақты түрде спортпен шұғылдануы 2020 жылға дейін 30 % жеткізу керектігін айтқан болатын. Қазіргі таңда ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 29,6 % жетті. Жыл соңына дейін аудан жастары мен тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулу арқылы аудандағы тұрақты спортпен шұғылданушылар саның 30 % асыру жоспарда бар.