ТҮРКІСТАН: Түлкібаста түлектер мен депутаттар мектепке 40 домбыра сыйлады

0
1 128

«Балалар жылына» орай ұйымдастырылды.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста түлектер мен депутаттар мектепке 40 домбыра сыйлады

Түлкібас ауданына «Мектепке домбыра сыйла!» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесі мен «Балалар жылына» орай Түркістан облысы, Түлкібас ауданына «Мектепке домбыра сыйла!» акциясы өтті. Домбыраны кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында өткен іс шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Оған аудан әкімі Нұрлан Байғұт, мәслихат хатшысы Сәдуахас Сейсенбаев, мәслихат депутаттары мен осы мектептен түлеп ұшқан түлектер қатысып, акцияға өз үлестерін қосты.


Маңызды шараның мектеп оқушыларының домбыраға деген құмарлығын оятып, ұлттық өнерді меңгеруіне ықпал етері сөзсіз. Осы ретте мереке күнге орайластырылған шара барысында Тұрар Рысқұлов мектебіне 40 домбыра сыйға тартылды.


Мерекелік жиында мәслихат депутаттары және басқа да қонақтар ыстық лебіздерін білдіріп, Т.Рысқұлов мектебінің директоры Е.Мақашев игі шараны эстафета ретіне Б.Момышұлы мектебіне тапсырды.