2018 жылы 13,5 мың гектар жерге егіліп, өнімділігі 10,5 центнерден айналып 14175 тонна мақсары жиналды.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері жыл сайын 12-15 мың гектар көлемінде мақсары дақылын егіп, мол өнім жинап келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2018 жылы 13,5 мың гектар жерге егіліп, өнімділігі 10,5 центнерден айналып 14175 тонна мақсары жиналды. Жиналған өнімнің бір бөлігі 300,0 тонна ұрыққа қалдырылып, қалған бөлігі облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін зауыттарға сатылды («Арай», «МЖК» май зауыттары). Мақсары өнімінен өте жоғары сапалы экологиялық тұрғыдан май алынады. Дақыл қуаңшылыққа төзімді болуына байланысты, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ауыспалы егіске пайдаланып, жерді түрлі арам шөптерден тазарту үшін де егеді.
Мақсарыдан алынатын май сапасы жағынан күнбағыс майынан кем емес. Тамаққа және маргарин жасау үшін қолданылады. Күнжарасы – құнарлы мал азығы, 10 кг күнжарасында 55 мал азықтық өлшем бар. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш және отын ретінде де қолдануға болады. Тұқымы пісіп жетілгенде комбайнмен жиналады. Қатты әрі көп тікенекті болып келетіндіктен мақсары егілген алқапқа мал түспейді.
2019 жылы ауданның ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері 12584 га жерге отырғызды. Биылғы көктемгі ауа райы жауынды-шашынды болуына байланысты ылғал мол болып. Егілген егістіктен 11,0 (13842,4 тонна) центнерден өнім алу жоспарлануда.