ТҮРКІСТАН: Тұрғындардың «NurOtan» партиясына түсірген арыз-шағымы бойынша Мақтаарал ауданы алдыңғы қатарда тұр

0
2 341

«NurOtan» Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев Мақтааралға барды.


ТҮРКІСТАН: Тұрғындардың «NurOtan» партиясына түсірген арыз-шағымы бойынша Мақтаарал ауданы алдыңғы қатарда тұр

«Nur Otan» партиясыМақтаарал аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 7 айда аудан тұрғындарынан 232 арыз-шағым келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2019 жылы «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Мақтаарал аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында жеке және заңды тұлғалардан түскен 232 өтініштер мен арыз-шағымдар арнайы журналға тіркелген. Осының ішінде әлеуметтік көмек сұраушылардан 161 өтініш тіркелсе, жол, ауыз су, газ мәселесіне қатысты 4 және тұрғын үй мәселесі бойынша 49 арыз-шағым келген. Сонымен қатар, тұрғын үй салуға жер учаскесін сұрағандардан 8 өтініш тіркелсе, жастарды жұмыспен қамту мәселесіне қатысты 5 және білім мәселесі бойынша 5 өтініштер келіп түскен. Бұл жайында «NurOtan» Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевтың Мақтааралға жасаған іс-сапары барысында айтылды.

«Жыл басынан бері партияның облыстық филиалына 4 мыңнан астам арыз-шағым түскен. Алғашқылардың қатарында Жетісай, Мақтаарал аудандары тұр. Бізге жазылған шағымдардың басым бөлігі әлеуметтік мәселелерге қатысты болғандықтан бұл салаға ерекше назар аударуымыз керек. Мақтааралдан келіп түскен 232 арыз-шағым, өтініштердің бүгінде 159-ы толық қанағаттандырылған», - деді Бейсен Тәжібай бастауыш партия ұйымы төрағаларымен өткен жиында.

Сондай-ақ, аудандық филиалдың бастамасымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілсе, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудандағы барлық ҰОС және тыл ардагерлеріне әлеуметтік карталар жасалынып, мерекелік дастархандар жайылып, арнайы сыйлықтар табысталған.