ТҮРКІСТАН: Үш жасар қызын зорлап, 38 рет пышақтаған ер адамға сот үкім шығарды

0
1 071

Қызын аяусыз өлтірген 47 жастағы ер адам өз қылмысын толық мойындамай отыр.


ТҮРКІСТАН: Үш жасар қызын зорлап, 38 рет пышақтаған ер адамға сот үкім шығарды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Ордабасы ауданы Бөржар ауылының 47 жастағы тұрғынына үкім шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жұрттың жағасын ұстатқан сұмдық жағдай өткен жылдың қазан айында болған еді. Туыстарына кеткен әйелінің үйде жоқтығын пайдаланған 47 жастағы ер адам жалғыз перзенті – үш жасар қызын зорлап, ол аз болғандай сәби денесіне 38 рет пышақ сұққан. Сондай-ақ, естіген елдің төбе шашын тік тұрғызған қанды қылмысты жасаған кезде сотталушы алкогольді ішімдік ішіп, сылқия мас болған.

Аталған қылмыстық оқиғаға байланысты сотта туған қызын аяусыз өлтірген әке өз қылмысын, яғни пышақтағанын толық мойындағанымен, перзентін зорламадым деп отыр.

«Шайтан азғырды. Бірақ мен емес кінәлі», - деді сот отырысында 47 жастағы қанішер әке.

Сонымен қатар, психиатриялық кешенді комиссия сотталушының ақыл есі дұрыстығын анықтаған. Ал, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Себебі, сотталушы апелляциялық шағым келтіретіндігін жеткізген.