14 адамда COVID-19 індеті анықталды.
Түркістан облысында 1004321 адам екпе қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында 1004321 адам екпе қабылдады. Екінші компонентпен 948789 адам вакцина алды. Кейінгі тәулікте 887адам екпе салдыруға ниет білдірген.
Ал, соңғы тәулікте Түркістан облысында 14 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,09% құрайды. Облыста пандемия басталғалы 1 120 636 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 582–і бос. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 499 жағдай тіркелді. Олардың 7700-да ауру симптомсыз өткен болатын.
Айта кетейік, қазір облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.