ТҮРКІСТАН: "Яссы бағы" абаттандырылып жатыр

0
2 264

140-қа жуық адам жұмыс істеуде.


ТҮРКІСТАН:

Түркістандағы "Яссы бағы" көркейіп келеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорық музейі аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Төрт кезең бойынша абаттандыру ісі жүзеге асып жатқан аумақта қазіргі сәтте көгалдандыру, ағаш егу және гүлдендіру мен газон егу жұмыстары жүріп жатыр.

2020 жылдың желтоқсан айында абаттандырудың төртінші кезеңі бойынша жұмыстары басталған «Яссы бағы» биыл сәуір айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Жалпы бақтың аумағы - 7,1 га, көгалдандыру алаңы – 6,04 га, гүлдендіру аумағы – 4358 м2 болса, газон аумағы – 53 мың м2 құрайды. Жобада негізгі кіреберіс және партер, перголалы 2 аллея, лабиринт, сәндік су қоймасы, жеміс бағы, 4 резервуар қарастырылған.

Қазіргі таңға дейін, Германия, Бельгия және Өзбекстаннан әкелінген 962 дана ағаш, 14 мың дана гүл егіліп үлгерген. Мұнда жеміс-жидек ағаштары да болады. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 140-қа жуық адам жұмыс істеуде.