ТҮРКІСТАН: ​ЖАҢА ПЕРЗЕНТХАНА ЖАҚЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

0
88


ТҮРКІСТАН: ​ЖАҢА ПЕРЗЕНТХАНА ЖАҚЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ERNUR.KZ. Түркістан қаласында 80 төсек-орынға арналған жаңа ана мен бала орталығының құрылысы қарқынды жүргізіліп, қазан айында халық игілігіне беріледі деп жоспарлануда.


Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы әлеуметтік маңызы бар нысанға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Жаңа перзентхана заманауи талаптарға сай салынып, қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуда. Екі қабатты нысанның жалпы сыйымдылығы – 80 төсек-орын. Оның ішінде 30 төсек-орын жүктілік патологиясы бөліміне, 50 төсек-орын босанғаннан кейінгі бөлімге қарастырылған. Сонымен қатар, орталықта 6 босандыру залы, операция және реанимация залдары, сондай-ақ ана мен балаға қажетті жағдай жасалған палаталар қарастырылған.

Әзімбек Пазылбекұлы жауапты сала басшыларымен және мердігер мекеме өкілдерімен көшпелі жиын өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстарды саралап, инфрақұрылымдық мәселелерді талқылады.