ТҮРКІСТАН: Жәрмеңкеге 30 тоннадан аса өнім қойылды

0
96

Мақтаарал және жетісайлық шаруалардың экологиялық таза, құнарлы да сапалы өнімдері ұсынылмақ.


ТҮРКІСТАН: Жәрмеңкеге 30 тоннадан аса өнім қойылды

Түркістан қаласында азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кезекті сауда-саттық «Яссы» мөлтек ауданында өтті. Аптаның әр жұма күні тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан сауда алаңында азық-түлік бағасы нарықтағыдан 30-50 пайызға дейін төмен саудаланды.


Облыс орталығында азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастыру игі дәстүрге айналып отыр. Жәрмеңке сөрелерінен Қазығұрт және Ордабасы аудандарының шаруалары, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және жергілікті кәсіпкерлер ұсынған жеміс-жидек, ет-сүт өнімдері қаймақ, жұмыртқа арзандатылған бағада сатып алуға мүмкіндік мол.


Қолжетімді бағадағы тауарларды сатып алуға келген қала тұрғындарына 30 тоннадан астам ауыл шарушылығы өнімдері сатылды. Мәселен, картоп 140, пияз 85, сәбіз 140 теңгеден саудаланды. Ал қырыққабаттың бағасы 100 теңге. Сондай-ақ сиыр етінің бағасы – 2500 теңге, тауық еті – 1100 теңге. Наның бағасы 80, жұмыртқаның данасы 45 теңгеден сатылды.


«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Бекжан Бисенбаевтың айтуынша, кезекті жәрмеңке 17-қазан күні «Шауғар» секторында (№22 мектеп маңы) ұйымдастырылады деп күтілуде. Онда Мақтаарал және жетісайлық шаруалардың экологиялық таза, құнарлы да сапалы өнімдері ұсынылмақ.

Бөлісу