Инватакси қызметіне үстіміздегі жылдың 8 айына 8 млн 600 мың теңге қаралса, әлеуметтік таксиге 11 млн 406 мың 600 теңге қаралған.
Жетісай ауданында бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында “Инватакси” және “Әлеуметтік такси” қызметтерінің сапасы жақсарған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Жетісай ауданында қоларбада отыратын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық және емдік-сауықтыру орындарына еркін барып келулері үшін «Инватакси» қызметі дұрыс жолға қойылған.
Бүгінгі таңда ауданда 2 инватакси автокөлігі жолға қойылған және онда 2 диспетчерлік кезекші, 1 медициналық дәрігер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көлікке мініп-түсулеріне көмектесетін 1 көмекші 132 ересек, 12 кәмелет жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді.
Инватакси қызметіне үстіміздегі жылдың 8 айына 8 млн 600 мың теңге қаралса, әлеуметтік таксиге 11 млн 406 мың 600 теңге қаралған.
“Әлеуметтік такси қызметі аудандағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын мүгедек балаларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектерді емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау сынды қызметтер көрсетеді. Бұл мақсатқа бөлінген 11 млн 406 мың 600 теңге белгіленген мерзімде толық игерілді” -дейді Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.
Бөлім басшысының мәліметінше бүгінгі таңда аталмыш санаттағы азаматтарға ауданда талапқа сай 4 әлеуметтік автокөлігі, 2 диспетчерлік кезекші мен 1 медициналық дәрігер, 1 есепші 64 ересек және 52 кәмелет жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үздіксіз қызмет көрсетіп келеді.
Жетісай ауданында 2 Ұлы Отан соғысының ардагері мен оған теңестірілген 1 азамат, 1 екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерінің тұтқыны, 6826 мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұрады.