Одан бөлек Жетісай қаласы орталық саябақ ішінен бассейн, қала, кент, ауылдық округтерінен стадион құрылысын салу үшін әр қайсына 7 млн теңге қаржы қарастырылып, жер телімдері бөлінген.
Иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
Бұл жөнінде Жетісай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сансызбай Сейдалиев аудандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен жиында мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы Сансызбай Сейдалиевтің мәліметінше Жетісай қаласының орталық саябағының бас жоспарын қайта жаңарту үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, жоба сметалық құжаттамасына жарияланған конкурс нәтижесінде мердігер компания тиісті жұмыстарын атқаруда. Одан бөлек Жетісай қаласы орталық саябақ ішінен бассейн, қала, кент, ауылдық округтерінен стадион құрылысын салу үшін әр қайсына 7 млн теңге қаржы қарастырылып, жер телімдері бөлінген.
Қаладағы С.Қожанов көшесін абаттандыру бойынша орталық алаңнан С.Ерубаев көшесіне дейінгі аралыққа эскиздік жоба дайындалып жергілікті бюджеттен 100 млн теңге қаржы қаралса, ауданға инвестиция тарту мақсатында Жетісай қаласынан, Атамекен, Қазыбек би ауылдық округтерінен индустралды аймақ құру үшін жер телімдері қарасытрылып жеке кәсіпкерлермен тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарының уақытын үнемдеп, облыс орталығы Түркістан қаласына жылдам әрі қауіпсіз барып-келулері үшін, кіші авиация аэропортының құрылысына жер телімі белгіленіп, анықтау, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.