ТҮРКІСТАН: Жетісайда шаруалардың субсидиясын төлеуде әкімшілік кедергілер жасалған

0
1 763

Тексеріс нәтижесінде аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан инвестициялық салымдарды жүзеге асырған ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі субъектілеріне әкімшілік кедергі жасау фактілері анықталған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда шаруалардың субсидиясын төлеуде әкімшілік кедергілер жасалған

Жетісай ауданы прокуратурасы аудандағы 92 кәсіпкердің құқын қорғап, олардың 158 млн. теңге субсидиясын аудартып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жетісай аудандық прокуратурасы аудандық ауыл шаруашылық бөлімінде Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысында Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының және бюджет қаржысының тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ, осы бағыттағы басқа да нормативтік құқықтық актілердің қолданылу заңдылығына тексеріс жүргізді.
Тексеріс нәтижесінде аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан инвестициялық салымдарды жүзеге асырған ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі субъектілеріне әкімшілік кедергі жасау фактілері анықталған.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 3-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады.
Заңға сәйкес шаруа немесе фермер қожалығының басшысы: жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының мүдделерін білдіруге, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға құқылы.
Жоғарыдағылардың негізінде аудан прокуратурасы Инвестициялық салымдарды жүзеге асырған дара кәсіпкер шаруа қожалық төрағаларының өтінімдерін инвестициялық субсидиялау мақсатында Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының атына ұсыныс енгізуінің нәтижесінде 92 кәсіпкердің құқы қорғалып, 158 млн. теңге субсидия қаржысы аударылып берілген.