ТҮРКІСТАН: Жетісайда заманауи қоғамдық көлік көбейді

0
99

14 шағын автобустың кілті табысталды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда заманауи қоғамдық көлік көбейді

Жетісайда заманауи қоғамдық көліктердің саны артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Жетісай ауданында жаңа қоғамдық көліктер ел игілігіне берілді. Мақсат – заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою, жол жүру ережелерін сақтау, такси тұрақжайларды реттеу, ауданішілік және ауданаралық, қалааралық бағыттарда жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер мен жеке такси жүргізушілерінің көліктерінің техникалық қауіпсіздігі, жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау. Осы бағытта Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасына сәйкес бүгін заманауи 14 шағын автобустың кілті табысталды.


Аудан аумағында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын «SAR avto» ЖШС арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы елді мекен тұрғындарының аудан орталығына қатынауын оңтайландыру мақсатында 10 бағыт бойынша қоғамдық көліктер санын арттырып отыр.


Ел Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 қаулысына сәйкес, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының жеңілдетілген лизингтік қаржыландыруы арқылы алынған отандық көліктер заманауи талаптарға сай жабдықталған, жолаушылардың талаптарын толықтай қанағаттандыра алады. Мұздатқыш және желдеткіш жүйелерімен, ыңғайлы орындықтармен және қауіпсіздік белбеулерімен қамтамасыз етілген.

Бөлісу