ТҮРКІСТАН: Жетісайлық ауыл кіреберіске өз еріктерімен блок-пост қойды

0
1 956

"Елдің әрбір адамы біздер үшін қымбат"


ТҮРКІСТАН: Жетісайлық ауыл кіреберіске өз еріктерімен  блок-пост қойды

Жетісай ауданы "Құрбан ата" ауылының тұрғындары жаман індеттің алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында өз ауылдарының кіреберіс қақпаларына блок пост қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бұндай жағдайға ел болып ақылдасып келіп отырмыз. Елдің әрбір адамы біздер үшін қымбат. Оның үстіне ауылымыз Жетісай қаласына жақын орналасқандықтан ауылға келімді-кетімді адамдар көп. Соның барлығын ескере келе осындай қадамға барып отырмыз дейді", - ауыл тұрғыны Досым Ахметов.

Қосымша айта кететін болсақ, аталмыш ауылда 300 ден астам үйде 2793 адам өмір сүреді. Қазіргі таңда ауылға тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында кіріп-шығатын көліктер, түгелдей дезинфекция жасалынып жатыр.

Дереккөз: Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі