ТҮРКІСТАН: Жетісайлықтар жолдауға қолдау білдірді

0
1 113

Облыс әкімінің орынбасары тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерімізді дәріптеп, сақтап қалуға және әрі қарай дамытуға шақырды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайлықтар жолдауға қолдау білдірді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жетісай тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Иябайұлы Жетісай ауданындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандар мен өндіріс орындарын аралап шығып, аудан зиялылары, тұрғындар, мекеме басшылары және кәсіпкерлермен жиын өткізді. Аталған жиында Мейіржан Мырзалиев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы алғашқы Жолдауына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәсіпкерлік, мәдениет, білім салалары мен мұғалімдер мәртебесінің көтерілуіне ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар, әрбір күні қарбалас тіршілікке толы тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерімізді дәріптеп, сақтап қалуға және әрі қарай дамытуға шақырды.

Сондай-ақ, аталған іс-шара барысында аудан тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері де өз пікірлерін білдірді.

«Құрметті жерлестер! Сіз бен біз тәуелсіздіктің алғашқы сағаттарынан бастап еліміздің дамуы жолында иық тіресе бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Бүгінгі жетістіктер – ортақ еңбегіміздің жемісі. Осы қол жеткен жетістіктерімізді, еліміздегі ынтымақ пен бірлікті, ұлтаралық тұрақтылықты сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау біздің міндетіміз. Мемлекет басшысының жолдауында қамтылмаған сала, айтылмаған мәселе жоқ. Сондықтан, баршаңызды мемлекеттік саясатты қолдап, жолдауда межеленген тапсырмаларды бірігіп орындауға шақырамын», - деді аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Тойым Жүнісов өз сөзінде.

Сонымен қатар, жиын соңында ақпараттық-насихаттық топ жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Иябайұлы жергілікті кәсіпкерлермен ашық диалог құрып, аталған саланың дамуында кездесетін қиындықтар мен кедергілерді жою, несиелендіру жолдары, пайыздық үстемелері жайында облыстық қаржы институттарының басшылары жауап берді.