Түркістанда 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі

0
180

4 үйдің құрылысы аяқталып, 348 пәтер өз иесін тапты.


Түркістанда 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі

Биыл Түркістан қаласындағы 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері жоспарға сәйкес, 4 үйдің құрылысы аяқталып, 348 пәтер өз иесін тапты. Бұдан бөлек, несие жүйесімен 2025 жылы жалпы 2 082 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.


«Бүгінгі таңда, Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны – 17 058. Оның 6 487-сі – әлсіз топ мүшелері болса, 5 185-і – көпбалалы отбасылар, 181-і – тұл жетім санатындағылар. Сондай-ақ, 5 203 отбасы бюджет есебінен баспаналы болуға кезекте тұрса, 2 үй апатты жағдайда деп танылуына байланысты жаңа үй алу кезегіне тіркелген. Жаңа Заңға сәйкес, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап санатына қарамастан, соңғы 5 жылда атында тұрғын үйі жоқ азаматтар үй кезегіне тұру мүмкіндігіне ие бола алады. Сондай-ақ, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін үйлерді жекешелендiру туралы қағидаларына да бірқатар өзгерістер енгізілген. Жаңа өзгерістерге сәйкес, бірнеше санаттағы азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын баспаналарды өз меншігіне өтеусіз алуға мүмкіндік алып отыр» - деді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Талғат Төлегенов.


Сонымен қатар, Түркістан қаласында «Отбасы банк» арқылы кредиттік жүйемен 2025 жылы жалпы 2082 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық «Отбасы банк» АҚ филиалы директорының орынбасары Дәурен Мырзатаев айтты. Аталған тұрғын үйлерге өтініштер үй кезекте Түркістан облысы бойынша тұрған Банк салымшыларынан қабылданады. Қазіргі таңда аталған банк арқылы 1 016 пәтердің шаршы метрі 180 мың теңгеден болса, 1 066 пәтердің шаршы метрі 220 мың теңгеге бағаланып отыр.

Бөлісу