Түркістанда абилитациялық іс-шара өтті

0
160

Іс-шараның мақсаты – ерекше қажеттілігі бар жандарды шабыттандыру, жаңа мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсету.


Түркістанда абилитациялық іс-шара өтті

Түркістанда ерекше жандарға жігер берген іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен кезекті игілікті шара өтті.


“Жігер” абилитациялық іс-шарасының мақсаты – ерекше қажеттілігі бар жандарды шабыттандыру, жаңа мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсету.


Іс-шараға қатысушылар пауэрлифтинг, пара күрес, шахмат, қол күресі және бочча спорт түрінен жарысты. Одан бөлек, жобаның екінші бөлімінде мүгедектігі бар өнерпаздар сахна төрінде ән шырқап, би билеп, өлең оқыды. Сонымен бірге мүгедектігі бар табысты тұлғалардың қатысуымен TEDx форматындағы сессия ұйымдастырылды.


«Достық» үйінде өткен шарада Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашев қатысушыларға жылы лебізін арнады. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықпаев қатысушыларға қала әкімінің алғыс хаты мен сыйлықтарын табыстады.

Бөлісу