Түркістанда арықшалар орнатылып жатыр

0
2 435

20-ға жуық техника мен 150-200-ге тарта адам жұмыс істеуде.


Түркістанда арықшалар орнатылып жатыр

Түркістан қаласында арықшаларды орнату жұмыстары қарқынды жүруде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс орталығында экологияны жақсарту мақсатында су арықшаларының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Түркістан қаласы әкімдігінің "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" тарапынан осы мақсатта, Ақан сері көшесі мен Б. Саттарханов даңғылы аралығында 47,7 км қашықтықта 50 көшеге арықшалар орнату жоспарланған. Бүгінгі күнде 15 көшеде арықша қойылып, жол жиегіне іргетас жасалуда.

Аталған жұмыстарды іске асыру үшін 20-ға жуық техника мен 150-200-ге тарта адам жұмыс істеуде. Жалпы, М. Шоқай, Құлыншақ ақын, Шәді ақын, Қорқыт ата, Айша бибі, Абақ батыр және басқа да көшелерде кезек ретімен жұмыстар жүргізіліп жатыр.