Түркістанда азық-түлік бағасы тұрақты

0
2 462

Бағаны қолдан өсіргендерге тиісті шаралар қаралған.


Түркістанда азық-түлік бағасы тұрақты

Түркістан қаласындағы «Алтын бұлақ» базарында жәрмеңке өткізілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында, облыс орталығы Түркістан қаласындағы «Алтын бұлақ» базарында және Отырар ықшамауданында санитарлық – эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жәрмеңке өткізілді.

Халыққа тиіміді бағада облыс әкімдігі мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының ұйымдастырумен жәрмеңкеде 14 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдері сатылымға шығарылды. Оның ішінде: (ұн – 130 тг, қант – 205 тг, картоп – 89 тг, сәібіз – 76 тг, пияз – 56 тг, рожки – 186тг, күріш – 245 тг, тұз – 43) теңгеден сатылды.

Облыс әкімдігі тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қолжетімді жасау мақсатында, Түркістан қаласының аумағында орналасқан 13 әлеуметтік дүкен мен 5 ірі супермаркетте күнделікті ұн – 130 тг, қант – 205 тг, картоп – 89 тг, сәібіз – 76 тг, пияз – 56 тг, рожки – 186тг, күріш – 245 тг, тұз – 43 теңгеден екенін хабарланады.

Азық-түлік тауарларының бағасы негізсіз өскен жағдайда, өсуінің себептерін анықтау бойынша облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне тапсырма берілді. Бағаны қолдан өсіргендерге тиісті шаралар қаралған.