​ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

0
147


​ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

ERNUR.KZ. Бүгін Түркістан қаласындағы Қолөнершілер орталығында 10 елдің қолөнер және экоөнімдері ұсынылған «Brand Craft Fair» халықаралық жәрмеңкесі өтуде.


Жәрмеңке аясында «Шеберден – брендке, өңірден – ұлттық өнімге, Түркістаннан – әлемдік нарыққа» тақырыбында форум ұйымдастырылып, оған қазақстандық және шетелдік қолөнершілер, мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық және туристік ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Жәрмеңкеде отандық және шетелдік шеберлердің бірегей қолөнер бұйымдары мен экоөнімдері қала тұрғындары мен қонақтарына жеңілдетілген бағамен ұсынылуда.

Халықаралық жәрмеңке 26–28 қыркүйек аралығында жалғасады.